Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өзінің туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол 57 жасқа толған. Баян Мақсатқызы күйеуіне не сыйлағанын көрсетіп, ақ тілегін арнады.
"Тұрсын, туған күніңмен! Саған мықты денсаулық, сәттілік пен энергия тілеймін. Сонымен қатар тек бір әйелді ғана жақсы көр, сен ол әйелдің кім екенін білесің. Жалғыз, сүйікті әйеліңді жақсы көр", деді ол.
Туған күн кешіне эстрада жұлдыздарынан бөлек Алагөзовтің бірінші некесінен туған ұлы мен қызы да келген.