Қоғам

"Бір-біріне ұқсамайды": Қазақстандық кәсіпкер қалай үш әйел алғанын айтты (ВИДЕО)

"Бір-біріне ұқсамайды": Қазақстандық кәсіпкер қалай үш әйел алғанын айтты (ВИДЕО)

Бақытжан Бауыржанұлы есімді қазақстандық кәсіпкер үш әйелін көрсетіп, желіні шулатты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдеріне деген ықыласын білдірді. 

"Олар – менің өмірімнің сәні ғана емес. Олар – өмірімнің тыныштығы.

Әрқайсысы – бір-біріне ұқсамайтын ерекше жан. Өз мінезі, өз арманы, өз уайымы бар.

Сүйе білетін, қолдау көрсететін және шабыт сыйлайтын жандарды нәсіп еткені үшін Аллаға шүкіршілік етемін.

Мен мінсіз жар емеспін. Бірақ күн сайын олардың өзін қауіпсіз әрі сүйікті сезінуіне себеп болатын азамат болуға ұмтыламын", - деп жазды. 

Желі қолданушылары кәсіпкердің бұл жазбасына таңданасын жасыра түрлі пікір білдірді. 

Барлық жаңалық