Бүгін «Ұмай» ипотекасы бойынша өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол өзіне және ата-анасына қатысты ауыр сөздер айтылғанын жеткізді.
«Отбасы банкі» АҚ-да өтінім беруге жиналған адам қарасы өте көп. Олардың арасында дау туып, бір-бірін таптап кете жаздаған. Тұрғындар алдын ала мақұлдаудан кейін ғана банкке шақыруға болар еді деп отыр. Банктің өзі мұндай жүйе неге таңдалғанын түсіндірген.
«Өтінім беруге сұраныстың артуына байланысты жүйеге түсетін жүктеме жоғары болуы мүмкін. Осыған байланысты өтінім беру кезінде қиындықтар туындауы ықтимал. Қайтадан өтінім беріп көруіңізді сұраймыз», - деп хабарлады Отбасы банк.