Боксшы Жанқош Тұраров Дариға Назарбаеваның ұлы Нұралы Әлиевпен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Тұраровтың сөзінше, Әлиев екеуінің арасында сұхбат болған.
"Сана биігінде өсу мен жан деңгейінде сырласып, сұқпаттасудың жөні бөлек. Нұрекең екеумізді байланыстыратын үлкен трансформациялық ортақ тәжірибеміз бар. Рухани өсу - нағыз жетістік екенін түсініп келем, Альхамдулиллях", - деп жазды боксшы.
Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазды.
"Сабынсыз кіру деген ба", "Спонсор ма", "Кіммен сөйлесуді біледі бұл да", "Жанқош, бұлардың қасына бекер жақындадың", "Бірін бірі қалай тапқан", деді олар.