Белгілі қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан екінші рет шаңырақ көтерді деп мәлімдейді Оzgeris.info. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, спортшының жаңа жарының есімі – Айганым.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан өткен жылы Назым есімді қызбен некесін қиған болатын. Бірінші жұбайы небәрі бір ай бұрын сәбиін дүниеге әкелгені белгілі.
Жаңа некенің жария болуымен-ақ желі қолданушылары арасында түрлі пікір туындады. Көпшілік спортшының бұл шешімін түсінбей, сынға алды.
«Кеше ғана әке атанған адам бүгін қайта үйленіп отыр», «Назымға обал болды», «Үйлену қазір ойыншыққа айналды ма?» – деген пікірлер көптеп жазылды.
Қазіргі таңда боксшының жеке өміріне қатысты ресми түсініктеме берілмеді. Дегенмен, бұл жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.