Алматыда Bi Group компаниясының жарнамалық баннері дауға қалды. Оған себеп — бейнеленген көліктің нөмірі қазақстандықтар арасында екіұшты пікір туғызды деп хабарлайды ozgeris.info сайты kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасап.
Баннерде қара түсті автокөлік көрсетіліп, нөмірлік белгісі [314ZDA01] деп жазылған. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл комбинацияны бейәдеп сөзбен байланыстырған.
Компания өкілдері бұл жағдайға байланысты түсініктеме беріп, дизайн мен баспа кезінде техникалық қате кеткенін мәлімдеді.
Аталған жарнама Алматыдағы Саин көшесі бойына орналастырылған. Қоғам назарын оқиғаға @qazaqstan.kz Instagram парақшасында жарияланған видео аударды.
«Мұны еліміздегі ең ірі компаниялардың бірі — қаланың ең тығыз жүретін көшелерінің бірінде орналастырып отыр», — делінген жазбада.