Шоу-бизнес

"Бесінші ханшайым келді": Әнші Абай Бегей сүйінші жаңалығымен бөлісті (ФОТО)

"Бесінші ханшайым келді": Әнші Абай Бегей сүйінші жаңалығымен бөлісті (ФОТО)

Қазақстандық танымал әнші Абай Бегей отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сегізінші рет әке атанғанын айтып, көпшілікпен сүйінші сұрады. Оның жазуынша, отбасында тағы бір қыз бала дүниеге келген.

«Сүйінші! Алланың қалауымен 8-ші рет әке атандым. Тәп-тәтті бесінші ханшайымымыз өмірге келді», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншіні бұл қуанышымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Барлық жаңалық