Жаңалықтар

Бектенов жарылыс болған "Қазцинктің" басшысына тапсырма берді

Бектенов жарылыс болған "Қазцинктің" басшысына тапсырма берді

Премьер-министр Олжас Бектенов "Қазмырыш" кәсіпорнының басшылығына тапсырма берді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Үкімет отырысында "Қазмырыш" компаниясының бас директоры Жанат Жанботин өнеркәсіптің жұмысы туралы баяндама жасап, мамырда болған қайғылы оқиғаға тоқталды.

"Өкінішке қарай, 5 мамырда "Казцинк" өз тарихында ең қайғылы оқиғалардың бірін бастан өткерді. Өскемендегі мырыш зауытында жарылыс болып, салдарынан ғимарат өртеніп, жартылай қирады. Оқиға салдарынан 3 жұмыскерімізден айырылып қалдық. Бұл біз үшін орны толмас қаза. Біз мұндай жағдайдың қайталанбауын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Қазіргі уақытта жұмыс үдерісіне айрықша бақылау режимі енгізілді", – деді Жанат Жанботин. 

Премьер-министр оның бұл жауабына төмендегідей үн қатты. 

"Жақсы баяндап тұрсыз, бірақ мамыр айында болған оқиға сөзіңізді жоққа шығарып отыр. Сондықтан қосымша белсенді шаралар қабылдаңыздар", – деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов. 

Барлық жаңалық