Астана қаласында тұрғын үй кешендерінің бірінің терезесінен белгісіз тұлғалардың су толған шыны бөтелке лақтырғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, тұрғындардың ашу-ызасын тудырды,деп хабарлайды Ozgeris.info
Желіде тараған видеожазбаға қатысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасы ресми түсініктеме берді. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, қазіргі уақытта право бұзушылардың жеке басын анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тексеру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті құқықтық баға беріліп, шаралар қолданылатын болады. Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» принципі аясында кез келген құқық бұзушылықтың жолы кесілетінін ескертеді.