Блогер Ырысбала Икрамбай желідегі парақшасында оқырмандарының сауалына жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Күйеуім ұрады, бірдеңе болса менен көре береді. Ажырасып кетсем ба екен деп жүрмін», деп сұраған оқырманына төмендегідей жауап берді.
«Күйеуіңіз ұрса, ескертіп айтыңыз, қоймаса тебіңіз. Полиция шақырып, ұстатып жіберіңіз. Құдай алып, өліп қалса да күніңізді көресіз. Жалғыздың жары – Құдай. Ессіз еркекті аяудың қажеті жоқ. Сол таяқтың кесірінен бір күні ауру болсаң, өзі-ақ тастап, басқа қатын алып кетеді».
Ал «Рома измена жасаса, кешіре аласыз ба?», деген сұраққа ойланып көрмегенін айтты.
«Ол жайлы мүлде ойлап көрмеппін. Жасасын, сосын көрейік оны», деді ол.