Балқаш қаласына кіреберістегі көпір астында қайғылы жағдай орын алды. Жүк пойызы 34 жастағы ер адамды қағып, ол алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Көліктегі полиция департаменті бұл факті бойынша Қарағанды-Сұрыптау станциясында қылмыстық іс қозғады. Іс абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша тергелуде.
Ресми өкілдердің хабарлауынша, қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, іске қатысты өзге де егжей-тегжейлі мәліметтер жария етуге жатпайды.