Жаңалықтар

Балабақшадағы қатыгездік: тәрбиешіге үкім шықты

Балабақшадағы қатыгездік: тәрбиешіге үкім шықты

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот балабақшада жұмыс істеген тәрбиешіні тәрбиеленушіге күш көрсеткені үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Turkystan.kz сайтына сілтемемен.

 

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында әйел бірнеше рет балаға күш қолданып, ұрып, итерген. Бұл әрекеттер бейнежазбалар мен куәгерлердің айғақтары арқылы дәлелденді.

 

Сот тәрбиешіге Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша 80 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. Алайда амнистияға байланысты бұл жаза жойылды. Жәбірленуші тараптың өтемақы туралы талабы ішінара қанағаттандырылды.

Барлық жаңалық