Жаңалықтар

Байден: Путиннің мақсаты – Кеңес Одағын қайта құру

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға соғыс ашуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
“Владимир Путиннің амбициясы тек Украинамен шектелмейді. Оның мақсаты айқын. Басшы КСРО-ны қайта қалпына келтіргісі келеді", - деді Мемлекет басшысы.
АҚШ Президенті алдағы уақытта Ресей көшбасшысымен келіссөздер жүргізгісі келмейтінін және Путинге қарсы жеке санкциялардың қарастырылып жатқанын айтты. Сондай-ақ ол Ресей-Америка қатынастарын "толығымен жойылды" деп сипаттады және қатаң санкциялар жағдайында Ресей Федерациясымен дағдарыс қысқа болады деп үміттенетінін жеткізді.
Барлық жаңалық