31 шілдеде Димаш Құдайбергеннің орындауында «Aqerke» әніне түсірілген жаңа бейнебаян шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әншінің жанкүйерлері бейнебаян да, ән де көңілінен шыққанын жарыса жазып жатыр. Дегенмен кейбірі желі қолданушылары «Димашқа дұрыс продюсер жолықпағанын», «Димаш негізінен опера, классикалық шығармаларды орындайды», «Димаштың авторлық әні аз» деген пікір жазған.
Осыған қатысты әнші видео жариялап, шығармашылығы туралы ойын бөлісті.
«Шын мәнінде осы жылдар ішінде операдан бастап поп, рок, этно, edm, тіпті рэпке дейін әртүрлі жанрда жұмыс істеп келемін. Кез келген жанрды жаным сүйеді. Репертуарымның басым бөлігі авторлық әндерім. Өзім полдюсерлік еткен туындылар»,- деді Димаш.
Ол сондай-ақ «Aqerke» халық әнін өзгерту мақсатында емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарына туған дері жайлы жеткізу мақсатында жаңа нұсқада орындағанын айтты.
«Бұл таспаны бірнәрсені дәлелдегім келгендіктен емес, жерлестеріме шығармашылығымды түсіндіргім келгендіктен жазып отырмын.Әркімнің өз талғамы бар. Әркімнің пікірін құрметтеймін», — деді Димаш Құдайберген.
Ол келесі әні түрік тілінде шығатынын айтты.