✅ Пайдалы

Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Әлеуметтік желіде боқтайтындарға жаза қандай?

Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Әлеуметтік желіде боқтайтындарға жаза қандай?
Интернеттің инесінде отырған жұрт үшін әлемжелідегі айқай-шу үйреншікті дүниеге айналды. Бір-бірінің жағасынан алып, қырқысып жатқандарға көз үйренді. Ал әлеуметтік желіде боқтайтындарға жаза қандай? Ozgeris.info тілшілері анықтап көрді. Көбіне WhatsApp арқылы ар-намысқа тиетіндер көп. Әсіресе аудиожазба арқылы аузына келгенін айтып жүргендерге жаза қатаң. Қылмыстық жауапкершілік көзделген. ҚР Қылмыстық Кодексiнің 131 бабының 2 тармағында:
«Көпшiлiк алдында немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып адамның жеке-басына нұқсан келтіретін сөз айтсаңыз – екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады,- делінген.
Ал егерде қоғамдық орында боқтаса әкімшілік жаза арқалап 15 күн қамауға алынады немесе 69 мың теңге айыппұл арқалайды.  
Барлық жаңалық