Қазақстанның аудан орталықтарында «Қамқорлық» бастамасы аясында жаңа медициналық оңалту орталықтары ашылады. Тиісті тапсырманы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов берді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Кімдер жауапты? Бұл жобаны жүзеге асыру Денсаулық сақтау министрлігіне, өңір әкімдіктеріне және «Самұрық-Қазына» қорына жүктелді. Үкімет басшысы аталған ведомстволарға бірлесе отырып, орталықтарды ашу мәселесін жедел шешуді міндеттеді.
«Денсаулық сақтау министрлігі өңір әкімдіктерімен және "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, "Қамқорлық" бастамасы аясында аудандық деңгейде оңалту орталықтарын ашу мәселесін шешуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бұл бастама ауылдық және аудандық жерлердегі тұрғындардың сапалы медициналық оңалту көмегіне қолжетімділігін арттыруға бағытталған.