Атырауда Жангелдин ауылында бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Сот барысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты айыптау актісі оқылып, істің мән-жайы жария етілді. Осы сәттегі сотталушының реакциясы видеоға түсіп қалған.
Мемлекеттік айыптаушы Мирас Бауыржанов сотта бұрынғы әйелінің ағасы Наурыз Мұқанғалиев пен отбасы иесі Мақсот Қарабалиннің өліміне әкелген жанжалдың қалай өрбігенін егжей-тегжейлі баяндады.
Айыптау актісінде қылмыстың ауыр және жантүршігерлік тұстары айтылған. Атап айтқанда, Мақсот Қарабалиннің мәйіті кісі өлтірілгеннен кейін кілемге оралып, жерге көмілгені көрсетілген.
Прокурор оқып жатқан сәтте камера айыпталушының жүзін түсіріп алған. Видеода оның айыптау сөздерін сабырмен тыңдап отырғаны байқалады. Тіпті бір мезетте жүзінен күлкіге ұқсас реакция да аңғарылған.