Жаңалықтар

Атыраудағы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты күтпеген аұпар шықты

Атыраудағы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты күтпеген аұпар шықты

Атырауда бір отбасының өліміне қатысты күдікке ілінген Ақбаян Мұқанғалиеваға кешенді сараптама жүргізілуде, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, күдікті қазіргі уақытта психиатриялық медициналық мекемеге орналастырылған.

Оның айтуынша, мамандар тарапынан психологиялық және психиатриялық бағытта стационарлық кешенді сараптама жүргізіліп жатыр.

«Мұқанғалиева психиатриялық ауруханаға орналастырылды. Оған психологиялық-психиатриялық стационарлық кешенді сараптама жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындауға күдіктінің мінез-құлқы мен бастапқы жауабы негіз болды», – деді Санжар Әділов.

Сондай-ақ вице-министр бұл іс бойынша басқа күдіктілер жоқ екенін нақтылады. Қазіргі таңда негізгі күдіктілер ретінде Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қарастырылып отыр.

Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Барлық жаңалық