Атырау қаласында 59 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып, полиция тарапынан іздестіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты kznews.kz сайтына сілтемемен.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Талғат Назаров есімді азамат 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30-да үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз.Құқық қорғау органдары таратқан ақпаратта ер адамның Көкарна шағынауданында тұратыны көрсетілген. Белгілері: бойы 170–175 сантиметр шамасында, дене бітімі орташа.
Жоғалған күні үстінде қара түсті күрте мен қара түсті шалбар болғаны айтылды. Қазіргі уақытта полиция оның жүрген жерін анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары Талғат Назаровты көрген немесе ол туралы қандай да бір мәліметі бар азаматтарды полицияға хабарласуға шақырады.