Жаңалықтар

Атырауда сенбілік кезінде «ҚазТрансОйл» қызметкері ажал құшты

Атырауда сенбілік кезінде «ҚазТрансОйл» қызметкері ажал құшты

Әлеуметтік желілерде Құлсары қаласында сенбілік кезінде жол апатынан «ҚазТрансОйл» компаниясының қызметкері қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды AtyrauPress-ке сілтеме жасаған Ozgeris.info сайты. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамды жүк көлігі қағып кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Компания өкілдері қайғылы оқиғаның болғанын растады. Алайда қызметтік тексеру аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайын жариялаудан бас тартты.

«ҚазТрансОйл» АҚ еңбек қауіпсіздігі, қоршаған орта және төтенше жағдайлар департаментінің директоры Асқар Қабыловтың айтуынша, компания қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

«Аталған оқиғаның болғанын растаймыз. Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ оқиғаның себептерін жан-жақты анықтау үшін мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін жазатайым жағдайға қатысты мәліметтер жария етілмейді», – делінген компания жауабында.

Барлық жаңалық