Жаңалықтар

Атырау облысындағы жоғалған отбасы: ТЖД ресми хабарлама жасады

Атырау облысындағы жоғалған отбасы: ТЖД ресми хабарлама жасады

Атырау облысындағы Жангелдин ауылынан жоғалған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны іздеу жұмыстары нәтижесіз аяқталды. Бұл туралы сайты  Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Ведомствоның хабарлауынша, іздеу-құтқару бөлімшелері полиция департаментінің ресми сұранысы негізінде жұмылдырылып, тексеру қажет деп белгіленген барлық аумақтарды толық қарап шыққан. Алайда қазіргі уақытта іздеуді жалғастыруға қатысты жаңа бағдарлар немесе қосымша сұраныстар түспеген.

 

Аталған іздеу жұмыстары 33 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйелге қатысты жүргізілген. Олар бұған дейін шаруашылық құрылысынан мәйіттері табылған ерлі-зайыптылардың балалары.

 

Сонымен қатар, марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның жұбайы Ақбаян әлі күнге дейін табылған жоқ. Олар қайын атасы мен енесін өлтірді деген күдікпен халықаралық деңгейде іздеуде.

 

Құзырлы органдар жағдайға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын хабарлады.

Барлық жаңалық