Атырау облысының Құрманғазы ауданында түйелер белгісіз дертке шалдығып, жаппай қырыла бастады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Alash.kz ұлттық порталына сілтемемен.
“КТК” телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, маусым айынан бері 200-ден аса түйе ауырып, соның 84-і өліп қалған. Қазіргі уақытта 50-ден астам малға ветеринарлар ем жасап жатыр. Алайда мамандар індеттің нақты түрін әлі анықтай алмай отыр.
Мал шығынына ұшыраған ауыл тұрғындары шығын көлемі артып жатқанын айтып, мемлекеттен қолдау көрсетуді сұрайды. Олар жағдай ушықпай тұрып, шұғыл шаралар қабылдануы қажет дейді.