Шоу-бизнес

"Атына заты сай": Роза Рымбаеваның немересі ақылдылығымен көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)

"Атына заты сай": Роза Рымбаеваның немересі ақылдылығымен көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның үш жасар немересі Зейіннің ерекше зеректігі желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Оzgeris.info.

Бүлдіршіннің анасы Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде ұлы қатысқан бейнежазбамен бөліскен. Видеода анасы әртүрлі мемлекеттердің жалаулары мен нышандарын көрсеткенде, Зейін оларды бірден танып, дұрыс атап береді.

Әсіресе, кішкентай баланың Қазақстан туын қайта-қайта көрсетіп, мақтанышпен «Қазақстан!» деп айтуы көпшілікті тәнті етті.

Желі қолданушылары Зейіннің географияға деген қызығушылығы мен есте сақтау қабілетінің жоғары екенін атап өтіп, оның туған еліне деген сүйіспеншілігі анық сезілетінін жазуда.

Барлық жаңалық