Қоғам

Атбасарда «Дала Қырандары» қозғалысына іріктеу сынақтары өтті

Атбасарда «Дала Қырандары» қозғалысына іріктеу сынақтары өтті

Атбасар қаласында «Дала Қырандары» қозғалысына мүшелікке үміткер жастар мен қызметкерлер дене даярлығы бойынша кешенді норматив тапсырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қатысушылардың төзімділігі 3000 метрге жүгіру және Купер тесті арқылы сыналды. Тест бағдарламасына секіру, қолды бүгіп-жазу және іш бұлшықеттеріне арналған жаттығулар енгізілді. Көрсеткіштер әр үміткердің жасы мен салмақ санатына қарай бағаланып, арнайы хаттамаға тіркелді.

Сынақ алаңында медицина қызметкерлері кезекшілік етіп, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Іріктеу барысында тәжірибелі қатысушылар жаңадан келгендерге бағыт көрсетіп, қолдау білдірді. Физикалық сынақтан сүрінбей өткен үміткерлер іріктеудің келесі сатысына – емтихан мен сұхбатқа жолдама алды.

«Біз үшін күш пен жылдамдық қана емес, адамдық қасиет те маңызды. Нағыз қыран — мінезі берік, тәртіпті және сенімге лайық тұлға», — деді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Барлық жаңалық