Қоғам

Астаналық футболшы Атбасардағы матч кезінде қайтыс болды

Астаналық футболшы Атбасардағы матч кезінде қайтыс болды

Ақмола облысының Атбасар қаласында өңірлік жарыс кезінде Астанадан келген 58 жастағы футболшы қайтыс болды, еп хабарлайды Ozgeris.info

Ақмола облысының полиция департаменті 1968 жылы туған ер адамның өлімі Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек мәселесі себеп болған. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция.

Әлеуметтік желілерде футболшының командалық ойын кезінде өзін жайсыз сезінгені жазылған. Дәрігерлер оған шұғыл көмек көрсеткенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Жарысты Атбасар қаласының жергілікті әкімдігі ұйымдастырған.

Барлық жаңалық