🌐 Әлем

Астанаға Иордания королі ресми сапармен келеді

Тамыздың 26-27 күндері Астанаға Иордания королі Абдалла II бин әл-Хусейн ресми сапармен келеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Ақордаға сілтеме жасап.

 

Ақорданың мәліметінше, сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен өтеді. Кездесулер барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету және өзара серіктестікті жаңа деңгейге көтеру мәселелерін талқылайды.

 

Еске сала кетейік, осы жылдың қысында Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданияға барып, екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапарын жасаған болатын. Ол кезде Мемлекет басшысын ресми рәсіммен – мемлекеттік әнұранмен, құрметті қарауылмен және ресми рапортпен қарсы алған еді.

Барлық жаңалық