Жаңалықтар

Астанадағы түнгі клубта 19 жастағы жігіт кісі қолынан қаза тапты

Астанадағы түнгі клубта 19 жастағы жігіт кісі қолынан қаза тапты

Астанадағы түнгі клубтардың бірінде төбелес болып, 19 жастағы жігіт алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген сурет тарады.

"Астана қаласындағы түнгі клубта болған кісі өліміне қатысты полицейлер күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Анықталғандай, ойын-сауық орнында келушілер арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Оқиға барысында бір адам қаза тапты", – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалық