Жаңалықтар

Астанадағы жаппай төбелес: Бір топ адам жерде жатқандарды аяусыз сабады (ВИДЕО)

Астанадағы жаппай төбелес: Бір топ адам жерде жатқандарды аяусыз сабады (ВИДЕО)

Астана қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында қатыгездікпен жасалған жаппай төбелес болды. Бір топ адам жанжалдасқан азаматтарды жерге жығып аяқпен аяусыз тепкілеген. Аула ішіндегі қақтығыс бір мезгілде бірнеше жерде өрбіген, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Мұндай келеңсіз жағдайлардың туындауына тұрғын үйлерде орналасқан ойын-сауық мекемелерінің түнгі уақыттағы жұмысы тікелей себепші болып отыр. Осыған байланысты аталған орындардың қызметіне сағат 22:00-ден кейін толық шектеу қою мәселесі өткір тұр.

Қазіргі таңда бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Құқық қорғаушылар қақтығысқа қатысқан барлық адамдарды анықтау үстінде. Кешенді тергеу жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті заңды шешім қабылданатын болады.

Барлық жаңалық