Қоғам

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртеніп кетті

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртеніп кетті

Астанада автотұрақта тағы бір көлік өртенді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға 7 қазан күні кешкі уақытта Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде болған. 

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде сөндірген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі көлік иелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

Айта кетейік,  6 қазан күні Сарайшық ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің маңындағы автотұрақта бес көлік өртенген еді.  Салдарынан бір адам жансақтау бөліміне түскен.

Барлық жаңалық