Қоғам

Астанада пәтер өртеніп, 3 бала қаза тапты

Астанада пәтер өртеніп, 3 бала қаза тапты

Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы көпқабатты үйде өрт шығып, кәмелетке толмаған 3 баланың денесі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Бүгін түнде Есіл ауданының Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шығып, шақырту түскен бойда оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің іші ашық отпен жанып жатқанын көрген.

Құтқарушылар жалын ортасынан денесін күйік шалған әйелді алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазір ол қаладағы 1 көпсалалы ауруханаға жатқызылды, ал пәтер ішін тексеру кезінде кәмелетке толмаған 3 баланың мүрдесі табылған.

Төтенше жағдайлар қызметі жоғарғы қабаттардан 20 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды, тағы 40 адам ғимараттан өз бетінше далаға шыққан. Қазіргі уақытта жалын толық өшіріліп, оның нақты шығу себебі тексеріліп жатыр.

Жергілікті әкімдік өкілдері зардап шеккен әйел мен қаза болғандардың отбасына барлық қажетті көмек берілетінін хабарлады.

Бұл жағдай толық бақылауға алынған.

Барлық жаңалық