Қоғам

Астанада жұмыс кестесі өзгереді: кімдер жұмысты ерте бастайды?

Астанада 15 қыркүйектен бастап кейбір ұйымдар жаңа жұмыс кестесіне көшеді. Қала әкімдігі мұны жолдағы кептелісті азайту үшін жасап отыр, деп жазады Ozgeris.info.

Жаңа тәртіпке қалалық коммуналдық қызметтер, Астана әкімдігі, сондай-ақ мемлекеттік және жартылай мемлекеттік ұйымдар кіреді. Бұл мекемелердің жұмысы таңғы 7:30-да басталады, ал кейбірі 8:00-де кіріседі. Жұмыс күні де ертерек аяқталады.

Ал жеке сектор, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және әлеуметтік мекемелердің кестесі өзгермейді.

Айта кетейік, маусым айында осындай тәжірибе Алматы облысында да енгізілген болатын. Онда мемлекеттік қызметкерлер жұмысты таңғы 8:00-де бастайтын болып бекітілген.

Барлық жаңалық