Астанада автотұрақта тұрған бес жеңіл көлік түгелдей өртеніп кетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиға Сарайшық ауданында Ахмет Байтұрсынұлы көшесіндегі тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта болған. Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жеткен. Олар келген кезде көліктер ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің салдарынан өрт бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған.
Өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.