Қоғам

Астанада 17 адамды қажылыққа апарамын деп алдаған алаяқ сотталды

Астанада 17 адамды қажылыққа апарамын деп алдаған алаяқ сотталды

Астанада өзін қажылық сапарын ұйымдастырушымын деп таныстырып, 17 адамды алдаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Алаяқ жәбірленушілерге жалған әуе билеттері мен қонақүйлер ұсынып, жалпы сомасы 7,4 млн теңгеден астам қаражатты қалтасына басқан. Оның тұзағына еліміздің әр өңірінен қарт ата-анасын умраға жібермек болған отбасылар да ілінген.

Сот барысында айыпталушы ірі көлемде алаяқтық жасағанын толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды қайтарып берді. Осыны ескерген сот оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесіп, пробациялық бақылауға алды.

Осы жағдайға байланысты прокуратура өкілдері азаматтарды сақ болуға шақырды. Олар қажылық қызметтерін алу үшін тек арнайы лицензиясы бар туристік агенттіктерге жүгіну керек екенін және тексерілмеген адамдарға ақша аудару қауіпке әкелетінін ескертті.

Барлық жаңалық