Қоғам

Асханада ер адам әйелді аяусыз пышақтап өлтірді

Асханада ер адам әйелді аяусыз пышақтап өлтірді

Талдықорғандағы асханалардың бірінде болған жанжал соңы пышақтасуға ұласып әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Алдымен әлеуметтік желілерде тараған куәгерлердің сөзіне сүйенсек, жанжал кезінде ер адам қолына пышақ алып әйелге бірнеше рет соққы жасаған және жәбірленуші ауруханаға жедел жеткізілгенімен дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті мәлімдеді.

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды және күдікті анықталып ұсталды, ал қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Барлық жаңалық