Маңғыстауда бейіт басына түнегендердің видеосы жұрттың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Видеода зират басына көрпе-жастығын апарып, бір топ адам түнеген.
Желі қолданушалыры егер жолаушы болмаса, зират басына барып қону жат деп жазған.
«Өлген адам тіріге қалай көмек береді? Там салуға барған кісілер шығар, адам ерігіп барып молаға түнемейді ғой. Не масқара, қаралап, жаман сөз жазып оны осында салып не пайда тауып отырсыңдар? Бұл әулиенің басы емес қой, қайтқан адамның бейітін салатын жұмысшылар. Барып-келіп жүрмей, уақыт тығыз болған соң қонып, осылай жасап жатыр. Неге теріс ақпарат бересіздер лайк пен қаралым үшін? Жақсы ғой, таза ауада, тыныш жерде ұйықтағанда ұйқың қанып қалады. Сәл шыдаса барып қалар еді ғой қастарына, не асығыс, Құдайым-ай... Мә, бұл адамдар шектен шығып кетіпті адасып. Отбасындағыларға да осыны үйрететін шығар. Бұл там салатын жұмысшылар болу керек, қателеспесем. Қазір күн ыстық, ерте бастамаса, күндіз ыстыққа қалып қояды. Келіп-кететін жері алыс болғандықтан осындай жағдайға барған болуы керек, оң көздеріңмен қараңыздар», - деген пікір қалдырғандар.