Шоу-бизнес

"Арқасына пышақ тығып кете алмаймын": Еркеш Хасен бұрынғы әйелі туралы айтты (ВИДЕО)

"Арқасына пышақ тығып кете алмаймын": Еркеш Хасен бұрынғы әйелі туралы айтты (ВИДЕО)

Жыл басында әлеуметтік желіде әнші әрі композитор Еркеш Хасеннің ажырасып, актриса Жанель Серғазинамен қарым-қатынаста жүргені туралы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Caravan.kz медиа порталына сілтеп. 

Өнер иесі «Aiqai» YouTube арнасына берген сұхбатында осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Еркеш Хасеннің айтуынша, өзі туралы түрлі әңгімеге үн қатпағанымен, қызына қатысты жағымсыз пікірлер оған ауыр тиген.

«Маған қатысты көп әңгіме айтылды. Бірақ соның 70 пайызы өтірік болды. Ең қатты тигені – қызым туралы пікірлер. Бір апта үндемей жүрдім. Алайда әнші болмай кетсем де, қызыма тіл тигізуге жол бермеймін. Такси жүргізушісі болсам да, бала-шағамды асыраймын», – деді ол.

Әнші тіпті қызы туралы жағымсыз пікір жазған желі қолданушысын іздегенін де жасырмады. Оның сөзінше, кез келген әке мұндай жағдайда өзін түсінер еді.

Сондай-ақ Еркеш Хасен не себепті сол кезде сұхбат бермегенін түсіндірді. Ол қызы ертең әкесінің камера алдында жылап отырғанын көрмесін деген ойда болғанын айтты.

«Қызымның алдында ер адам болып қалғым келді», – деді әнші.

Сұхбат барысында өнер иесі бұрынғы жары туралы да сөз қозғады. Оның айтуынша, ажырасу мәселесін жария түрде талқылап, отбасының ішкі мәселесін көпшілікке жайғысы келмеген.

«Отбасымызды жақсы жағынан көрсеткім келді. Бірақ былықты жариялаудың қажеті жоқ. Кейбір адамдар ажырасудың алдында жүруі мүмкін. Сондықтан мұндай нәрсені насихаттағым келмеді», – деді ол.

Сонымен қатар Еркеш Хасен бұрынғы әйеліне қиянат жасағысы келмегенін атап өтті. Әнші оның психологиялық тұрғыдан мұндай қысымға дайын емес екенін айтып, әлеуметтік желідегі хейтке төтеп беру оңай емес екенін жеткізді.

«Біз тек жаман күндерді бірге өткізген жоқпыз. Жақсы сәттеріміз де болды. Сондықтан кетерде арқасына пышақ тығып кеткім келмейді», – деді өнер иесі.

Барлық жаңалық