Оқиға Ақтөбе-Орск тасжолында болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Қарғалы ауданы Қосестек ауылында жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Полиция оқиға орнына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
— Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, — деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.