Маңғыстау облысы

Ақтауда жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Ақтауда түнгі уақытта болған жол апаты салдарынан полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігі жол жиегінде тұрған жүк тиегіш техникамен соқтығысқан. Апат 13-ші және 14-ші шағынаудандардың арасындағы жолда болған.

 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті қаза тапқан адамның полиция қызметкері екенін растады.

 

«Қызметкер демалыста және жұмыстан тыс уақытта жүрген. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның мас күйде болмағаны анықталды алкоголь мен есірткі заттарының белгілері табылған жоқ»,  деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, көлікте тағы бір полиция қызметкері болған. Ол аман қалғанымен, ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда бұл ақпаратқа полиция әзірге түсініктеме берген жоқ.Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғалғанын және сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Барлық жаңалық