Жаңалықтар

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандарға ескерткіш қойылды

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандарға ескерткіш қойылды

Монумент Шешенстандағы Гейдар Әлиев атындағы скверде орнатылған. Ашылу рәсіміне Әзербайжанның Ресейдегі елшісі Рахман Мұстафаев қатысты, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Шешенстан президент әкімшілігі мен үкіметінің басшысы Галас Таймасханов қайғылы оқиға бәрі үшін ауыр соққы болғанын жеткізді. 

– Бұл апат барлығымыз үшін қорқынышты жаңалық болды. Бүгін біз Баку-Грозный рейсінде қаза тапқан жолаушыларды еске алуға арналған ескерткіш тақтаны ашып отырмыз, – деді ол. 

Еске салайық, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам болған, олардың 38-і қаза тапты. Ұшақ Бакуден Грозныйға бет алған, десе де Ресей аумағында әуеде зақымданған. 
Келесі күні Reuters пен Euronews агенттіктері Бакудегі дереккөздерге сілтеме жасап, ұшақтың ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесімен атып түсірілгенін хабарлады. Мәліметке сәйкес, ұшқыштарға Ресейдегі әуежайлардың біріне қонуға рұқсат берілмей, Қазақстанға ұшуға бұйрық берілген.

Барлық жаңалық