Шоу-бизнес

Ақсуат жұрты Руслан Өтепбайға шапан жауып, тұлпар мінгізді (ВИДЕО)

Ақсуат жұрты Руслан Өтепбайға шапан жауып, тұлпар мінгізді (ВИДЕО)

Танымал журналист Руслан Өтепбайға Ақсуат жұртшылығы ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Оған ақбоз ат мінгізді.

Бұл туралы кәсіпкер Дулат Тастекей желідегі парақшасында жазды. 

"Халқымыздың сүйікті ұлы, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген белгілі журналист Руслан Өтепбайға Ақсуат жұртшылығы ерекше құрмет көрсетті. Ұлт руханияты мен қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың сеніміне ие болған азаматқа қазақы дәстүрмен ат мінгізу рәсімі жасалды. Бұл – Ақсуат жұртының ардақты азаматқа деген ықыласы мен ризашылығының белгісі", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары қуанып, түрлі пікір қалдырды. 

"Тұлпар құтты болсын", "Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын", "Руслан бар құрметке лайық", "Ақсуат халқына мың алғыс", - деп жазды оқырмандар. 

Барлық жаңалық