Қуандық Бишимбаевтың бұрынғы жары Назым Қаһарман олардың отбасында орын алған күмәнді жайттар туралы айтып берді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Назымның сөзінше, соңғы жағдайлар Қуандықтың анасы жағынан туыстары — Нұрлыбековтер әулетімен байланысты естеліктерді қайта жаңғыртқан.
– “Бишимбаев” деген фамилия бүгінде бәріне ортақ атауға айналып кеткендей. Ал баланың тәрбиесінде басты рөлді ана атқарады. Мұны бұрын да айтқанмын. Сондықтан Қуандықтың анасы жағынан туыстары — Нұрлыбековтер әулетіне де назар аудару керек деп ойлаймын, – дейді ол.
Назым тұрмыста жүрген кезіндегі бір оқиғаны еске алды. Оның айтуынша, бірде Алмира Балтабаевнаның жиені олардың үйіне қысқа уақытқа ғана келіп кеткен. Сол аралықта Қуандықтың қолсағаты жоғалып кеткен.
– Біз күмәндандық, бірақ Қуандықтың анасы “мүмкін емес” деп кесіп айтты. Алайда бір жылдан кейін Қуандық Алматыда сол жиенімен кездескенде, өз сағатын оның қолынан көрді, – дейді Назым.
Оның айтуынша, сол кезде Қуандықтың анасы мен туған нағашы апасы бұл мәселені қозғауды қаламаған. Ал Назым мұндай жағдайларға көз жұма қарауға болмайтынын айтады.
Сондай-ақ ол тағы бір жайтты бөлісті. Айтуынша, олар Шымкентке барған сайын Алмира Балтабаевнаның анасының үйіне соғып отырған. Сол сапарлардың бірінде Назымның әшекей бұйымдары жоғалып кеткен, ал ақшасының да жиі кеміп қалатынын байқаған.
– Келінге айттым, ол “мән берме, мұны жиендердің бірі істеп жүр” деді. Бұл жолы да басқа жиен болып шықты, – дейді Назым.
Бұдан бөлек, Қаһарман жуырда бұрынғы күйеуімен сөйлескенін айтып, Қуандықтың анасы жағынан тағы бір жиені оны алдап кеткенін жеткізді.