Жаңалықтар

«Ақша алу қиындауы мүмкін»: БЖЗҚ бойынша өзгеріс

«Ақша алу қиындауы мүмкін»: БЖЗҚ бойынша өзгеріс

Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (ЕНПФ) жинақтардың бір бөлігін пайдалану шарттарына өзгеріс енгізу ұсынылды деп жазды ozgeris.info сайты.

Атап айтқанда, тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында зейнетақы жинақтарын шешіп алу үшін қолданылатын жеткіліктілік шегі қайта қаралуы мүмкін.

Бұл өзгерістер Үкімет қаулысының тиісті жобасында қарастырылған.

Құжат сипаттамасында көрсетілгендей, ұсынылып отырған түзетулер зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға және азаматтардың болашақтағы табысын тұрақты етуге бағытталған.

«Жоба зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау тетігін жетілдіруге және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төленетін төлемдердің барабарлығын арттыруға бағытталған», — делінген құжатта.

Сондай-ақ жоба зейнетақы жинақтарының тұрақты әрі теңгерімді қалыптасуын қамтамасыз етуді көздейді.

«Жоба зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінің параметрлерін қайта қарауды қарастырады. Бұл азаматтардың зейнетақы табысын тұрақты қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деп көрсетілген ресми мәліметте.

Айта кетейік, қазіргі таңда қазақстандықтар ЕНПФ-тағы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдалана алады.

Ұсынылып отырған өзгерістер қабылданған жағдайда, бұл қаражатты алу шарттары қайта қаралуы мүмкін.

Барлық жаңалық