АҚШ тарапынан Тегеранға қарсы кезекті шектеу шараларының дайындалуы әлемдік мұнай нарығына әсер етті. Дүйсенбіде инвесторлардың пайданы бекітуге көшуі салдарынан мұнай бағасы барреліне 1 доллардан астам арзандады,деп хабарлайды Ozgeris.info.
· Brent мұнайы: 1,23 долларға ($1,3\%$) арзандап, барреліне $93,16 құрады.
· WTI мұнайы: 1,36 долларға ($1,6\%$) төмендеп, барреліне $85,7 деңгейіне түсті.
Бұған дейін екі апта бойы мұнай бағасы $5\%$-дан астам қымбаттап келген еді. Бағаның өсуіне АҚШ мен Иран арасындағы келіссөздердің тоқырауы және Ормуз бұғазы арқылы тасымалданатын мұнай көлемінің азаюы себеп болған. Айта кету керек, бұл бұғаз арқылы әлемдік мұнай тасымалының бестен бір бөлігі өтеді.
Қаржы министрі Скотт Бессент Иранға қарсы «тарихтағы ең қатаң санкциялар» енгізілетінін хабарлады. Президент Дональд Трамп Иранмен сауда-саттық жасайтын елдерге де шектеу қойылатынын ескертті.
Мемлекет басшысы Масуд Пезешкиан Вашингтонның жоспарын сынға алып, дауды тек дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.