Жаңалықтар

АҚШ-та қаза тапқан қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді

АҚШ-та қаза тапқан қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді

АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық Әсет Құралбайдың денесі елге жеткізілді. Бұл туралы брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы қаза тапқан азаматтың отбасына қажетті консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп, денені елге қайтаруға көмектескен.

Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз қаза тапқан азаматтың туыстарына барлық консулдық-құқықтық қолдауды көрсетті, сондай-ақ денені елге жеткізуге жәрдемдесті, – деді Ерлан Жетібаев.

Барлық жаңалық