Әлем

АҚШ пен Иран 60 күндік уақытша бітімді ұзартады

АҚШ пен Иран 60 күндік уақытша бітімді ұзартады

АҚШ пен Иран Исламабад меморандумы аясында бекітілген 60 күндік уақытша бітімнің мерзімін ұзартуға келісті,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Атысты тоқтату туралы қолданыстағы келісімнің мерзімі 17 тамызда аяқталады. Тараптар оны ұзартуға келісетіндерін арадағы дәнекерлерге хабарлаған.

«Екі тарап та бітімгерлік процесіне қатысушыларға келісім мерзімін ұзартуға келісетіндіктерін жеткізді», - деді Пәкістан үкіметінің дереккөзі.

Сондай-ақ, дереккөз қазіргі уақытта тараптар жаңа мерзімді келісу үшін өзара хабарламалар алмасып жатқанын қоса айтты.

Барлық жаңалық