Жаңалықтар

АҚШ Иран аумағына шабуылды үдетті

АҚШ Иран аумағына шабуылды үдетті

АҚШ Иран аумағындағы бірнеше нысанаға қайтадан әуе соққыларын жасады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Axios басылымының журналисі Барак Равидтің мәліметінше, Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленіс қайта күшейген. АҚШ әскері жексенбі күні Ормуз бұғазы маңындағы Иранның зымыран кешендері, әуе қорғанысы жүйелері және Ислам революциясы сақшылар корпусының шағын жүрдек катерлеріне бірнеше соққы жасаған. Бұл ақпаратты америкалық жоғары лауазымды шенеунік те растаған. 

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Хормозган провинциясында болған шабуыл салдарынан Mobile Communications of Iran компаниясының бір қызметкері қаза тауып, тағы екі қызметкер жараланған. 

Сонымен қатар Кувейттің Қорғаныс министрлігі АҚШ пен Иран арасындағы жаңа шабуылдар кезінде шекарадағы үш бекет пен Kuwait Petroleum компаниясына тиесілі теңіздегі бұрғылау платформасына соққы жасалғанын мәлімдеді. Салдарынан бір қызметкер жарақат алған.

Ал Иранның Fars агенттігінің мәліметінше, Ислам революциясы сақшылар корпусы дрондардың көмегімен Кувейт аумағындағы америкалық зымыран ұшыру қондырғыларына жауап ретінде шабуыл жасаған.

Қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы ахуал күрделене түсіп, АҚШ пен Иран арасындағы әскери қақтығысқа қатысты ақпараттар жаңарып жатыр. 

Барлық жаңалық