Оқиға

Ақмола облысында үш адам суға батып кетті

Ақмола облысында үш адам суға батып кетті

Демалыс күндері Ақмола облысында үш адам суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бурабай ауданында Ақылбай ауылының маңындағы Кіші Шабақты көлінде Ақкөл қаласынан достарымен демалуға келген 31 жастағы ер адам суға батып кеткен.

– Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас болған. Сағат 22:35-те жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оның мәйітін судан алып шықты, – деді ТЖД.

Сондай-ақ Бурабай ауданындағы Бурабай көлінде қонақ үйлердің бірінің маңында, шомылуға арналмаған жерде суға түскен 23 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны суға батып кетті. Ол бұл жерге отбасымен бірге демалуға келген.

Тағы бір қайғылы оқиға Целиноград ауданында болды. Қараөткел ауылының шетіндегі су басқан аумақта 58 жастағы жергілікті тұрғын суға батып кеткен. Ер адамның мәйітін Астана қаласының құтқарушылары судан алып шықты.

Барлық жаңалық