Жаңалықтар

Ақмола облысында жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысып, 1 адам көз жұмды

Ақмола облысында жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысып, 1 адам көз жұмды

Ақмола облысында жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысып, жол апаты салдарынан жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 27 маусым күні таңғы сағат 06:15 шамасында «Заречное – Елікті» автожолының 2-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, «КамАЗ» маркалы жүк көлігі мен «LTM» мотоциклі соқтығысқан.

Апат салдарынан мотоцикл тізгіндеген 2008 жылы туған жасөспірім ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиғадан кейін Ақмола облысының полиция департаменті жүргізушілер мен жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережесін қатаң сақтап, қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Барлық жаңалық