Әнші Тұрар сахнада өнер көрсетіп жатқан сәтте бейтаныс әйелмен жақындасып биледі. Бұл көрініс көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды деп хабарлайды Оzgeris.info.
Желі қолданушылары өз реакцияларын былай білдірді:
«Осыны ең тәуірі деп ойлайтын едім»,«Ұят-ай»,«Итеріп жіберсең кетеді ғой» – деп пікір білдіруде.
Кейбіреулер әншінің сахнадағы қылығын «көрерменді көңіл көтеру үшін жасалған әзіл» деп түсіндірсе, басқалары бұл әрекетті мәдениет нормаларына сай келмейтінін атап өтті.Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі пікірлерде өнер адамдарының сахнадағы әрбір қимылы қоғамға үлгі болып, абай болу керектігі туралы ескертулер көп болды.