Танымал әнші Бүркіттің қарындасы, актриса Әсел Асқар оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Актриса өзінің ауруханада дірілдеп жатқан видеосын бөліскен.
"Барлығы артта қалды", - деп жазған ол жазбасының астына.
Әсел Асқардың өнердегі құрбылары мен оқырмандары актрисаға не болғанын білмей дал болды.
"Не болып қалды, Әсел?", "Тыныштық па өзі", "Не істедің?", "Тезірек сауығып кет", "Алла күш-қуат берсін", деген сынды екі мыңға жуық пікір жазылған.